Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Орал» медресе-колледжінің шәкірттері диплом алды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 02.07.2023 1548 0 пікір
«Орал» медресе-колледжінің шәкірттері диплом алды

Батыс Қазақстан облыстық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен «Орал» медресе-колледжінің биылғы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға БҚО бас имамы Самат Әлібаев пен «Орал» медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахрам Рахманов пен ұстаздар, сондай-ақ облыстық, қалалық мешіт имамдары қатысты.

Бас имам Самат Қанатқалиұлы шәкірттерге Алла үйінде қызмет жасап, мол сауаптардан жазылатынын жеткізіп, ақ жол тіледі.

Медресе директоры Талғат Искалиев білімнің маңызы мен оның жемісі жайлы тілге тиек етіп, жақсы маман болып қызмет жасауға сәттілік тіледі. Өз кезегінде шәкіттер білім берген ұстаздарына шексіз алғысын айтып, медресе ұстаздарына құрмет көрсетті.

Айта кетейік, биыл «Орал» медресе-колледжін 9 түлек тәмамдап отыр. 2 шәкірт үздіктер қатарында. Ал тоғыз шәкірт Діни басқарма бұйрығымен имам қызметін атқарады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру