Мұсылмандардың қасиетті мерекесінде ерекше қажеттілігі бар жандар да тыс қалмады. «Зекет және қайырымдылық» қорының астаналық ұйымдастыруымен естімейтін және сөйлемейтін тұрғындарға құрбан еті үлестірілді.
«Zeket Hub» орталығында өткен ізгі шарада Астана қаласының «Саңыраулар қоғамдастығына» тіркелген 15 отбасыға құрбан еті мен азық-түлік себеттері табысталды.
«Біз әрдайым ерекше қажеттілігі бар жандарды қолдау мақсатында ізгі шараларды қолға алып келеміз. Қайырымдылық қорымыздың негізгі жұмыс бағытына енгіздік. Бас мүфти бастамасымен әртүрлі мерекелерде, әсіресе мұсылмандардың ұлық мейрамы Құрбан айтта ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға сый жасауды дәстүрге айналдырдық» дейді «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
30.06.2023
2325
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру