Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Берсең, балаға бер: Атырауда бүлдіршіндерге айттық таратылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 30.06.2023 1094 0 пікір
Берсең, балаға бер: Атырауда бүлдіршіндерге айттық таратылды

Атырауда қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай облыс мешіттерінде 10 мың балаға сыйлық таратылды. 

Атыраудағы қала және аудан мешіттері, имамдар, жанашыр жамағаттың қолдауымен дайындалған мерекелік бокстарға түрлі тәттілер салынды.

«Құрбан айт – мұсылман халқы үшін ұлық мереке. Ауызбірлік, ынтымақ, бауырмалдылықты арттыратын мерекенің маңызы, тәрбиелік мәні тереңде жатыр. Мерекені балаларға сезіндіру мақсатында осындай айттық сыйлықтар таратып отырмыз. Халқымызда «Берсең, балаға бер!» деген керемет сөз бар. Балалардың қуанғаны қандай жақсы» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру