Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақтөбе» медресе-колледжінің түлектері диплом алды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.06.2023 1485 0 пікір
«Ақтөбе» медресе-колледжінің түлектері диплом алды

«Ақтөбе» медресе-колледжі шәкірттерінің бітіру кеші өтіп, он бірінші түлектеріне диплом табысталды.

Салтанатты шараға Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, аталған рухани білім ордасының директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы, түлектер, ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Облыс бас имамы түлектерге білім жолының басты мақсат-міндетін айтып, ел дамуында дінге қызмет етуге шақырды.

«Құранда Алла Тағала баяндайды: «Иман келтіргендердің және де білім бергендердің Алла Тағала дәрежесін көтереді». Бұл білім дегеніміз – Алланың берген нұры. Бізді қараңғылықтан жарыққа алып шығатын, жол көрсететін, адасудан сақтап қалатын бірден бір нәрсе ол – Алла Тағаланың берген білімі. Медресенің ең бірінші мақсаты – мешіттерді имамдармен қамтамасыз ету екенін ұмытпағайсыздар» деді Серікжан Еншібайұлы.

Сонымен қатар бұл кеште медресе-колледждің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков: «Сіздер Алла қаласа, облысымызда діннің таралуына үлес қосады деп өзім сенемін. Түлектер, қадамдарыңыз оң болсын! Жамағатымызға асыл дінімізді насихаттай беріңіздер. Жолдарыңыз болсын, сәттілік сіздерге» деп құттықтады.

Салтанатты шарада шәкірттерге құрметті қонақтар диплом мен қатар жұмысқа орналасу туралы Бас мүфтидің бұйрығын табыс етті. Одан өзге бітіру кешінде шәкірттер ғибратқа толы қойылым қойып, ата-аналар ұстаздарға алғысын айтты.

Айта кетейік, биыл 21 түлек бітіріп, оның 6-уы үздік атанды. Ал 15-і мешіттерге қызметке жіберілді, атап айтқанда оның 11-і Ақтөбе облысына, 3-уі Атырау облысына, 1у-і Батыс Қазақстан облысына қызметке орналасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру