Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 26.06.2023 2492 0 пікір
Қызылордада құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар орталығында баспасөз жиыны өтті.

Құрбан айтқа қатысты өткен брифингтің спикерлері: Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы және облыстық Дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Олжабайұлы журналистер қауымын ұлық мейраммен құттықтап, қасиетті мерекеде атқарылатын діни рәсімді өткізу тәртібі мен бірқатар шаралар жайлы хабарлады.

Болатбек Ұласқанұлы: «Айт намазын оқу уақыты 06:00 болып бекітілді. Биыл да құрбан шалу онлайн www.qurban2023.kz сайты арқылы және офлайн форматта өтеді. Дәстүр бойынша Қызылорда қаласында діни рәсім мешіттерде емес, арнайы жасақталған «Нұрболат» (Т.Абуов, 29) және «КЗО ЕТ» (Көкжиде, 56) қасапханаларында жүзеге асырылатын болады. Құрбан еттері мешіт еріктілерінің көмегімен мұқтаж отбасыларға жеткізіледі. Тізім «Бақытты отбасы» орталығынан алынады»- деп, мейрамның құрметіне орай, облыстық, қалалық, аудандық мешіттер жанынан киіз үйлер тігілетінін, ұлттық дәстүрімізге сай думанды шаралар мен ұлттық ойындар, қайырымдылық акциялары өткізілетінін жеткізді.

Айта кетейік, 2022 жылы облыс бойынша 7262 отбасыға және 18 мекемеге 57 тонна 821 кг құрбан еті таратылған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру