Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралда Құрбан айтқа орай брифинг өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 26.06.2023 2343 0 пікір
Оралда Құрбан айтқа орай брифинг өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында облыс бас имамы Самат Қанатқалиұлы: «Құрбан шалғанда «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, ләә илаһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» деп тәкбір айтылып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деп бауыздалады. Ең абзалы, құрбанды иесінің өзі бауыздағаны дұрыс. Басқаға өкілеттігін тапсырып сойғызуға да болады. Иесінің құрбан малының жанында тұрғаны жөн. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – сауап. Бір бөлігі туған-туыс, көршілеріне, екінші бөлігі кедей мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі өзінің бала-шағасына, отбасына беріледі» деп, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.

Жиылған БАҚ өкілдеріне қасиетті Құрбан айт ұлы мереке екенін ескертіп, Арафа күні ораза ұстауға шақырып, қойған сауалдарына жауап берді. «Qurban 2023» жобасы, qurban2023.kz сайты арқылы құрбан шалуға тапсырыс беру жайында тоқталды.

Айта кетейік6 Оралда айт намазы таңғы сағат 6:30-да оқылады. Құрбан шалатын «Кублей» ЖШС, «Батыс адал ет» ЖШС және де «Ел ырысы» базарында құрбан шалынады.

Айтулы шараға облыстық дін істері басқарамысың басқармасың басшысы Мақсат Романқұлов қатысып, облыстың діни ахуалын айтып, ақтілегін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру