Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әбу Ханифа» медресе-колледжі түлектері емтихан тапсырды

abu-hanifa.kz 24.06.2023 1608 0 пікір
«Әбу Ханифа» медресе-колледжі түлектері емтихан тапсырды

Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды.

Емтиханды комиссия төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев және комиссия мүшелері Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұстазы Алишер Ташбаев және «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстазы Полат Ембергенов қабылдады.

Комиссия төрағасы Серікбол Аршабаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші түлектерге сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі. Емтихан билет алып және комиссия тарапынан қойылған қосымша сауалдарға ауызша жауап беру түрінде жүргізілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру