Елордада ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте 1-20 маусым аралығында өткен «ИМАНИ ЖАЗ – 2023» жазғы діни сауат ашу курсының аяқталу құрметіне салтанатты іс-шара өтті.
Қасиетті Құран аяттарын оқумен шымылдығы түрілген іс-шара Бас мешіт имамы Қанат Қоянбекұлының балаларды құттықтап, алдағы білім жолына сәтті сапар тілеуімен басталды.
Одан әрі шәкірттер кезек-кезек Құран оқып, ал қыздар тақпақтар айтысты. Іс-шара соңында курсты бітірген балаларға арнайы сертификаттар таратылып, тәттілер салынған қораптар үлестірілді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі
23.06.2023
2564
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру