Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Күршімде қайырымдылық мекемесі ашылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 23.06.2023 1212 0 пікір
ШҚО: Күршімде қайырымдылық мекемесі ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қайырымдылық мекемесі ашылды. Шараға облыс бас имамы Ермек Қасболатұлы қатысты.

Ғимараттың ашылуына қоғам қайраткерлері, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, имамдар болды. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ермек Қасболатұлы: «Бұл білім ордасының ашылуы өңірдің рухани өмірінде зор шара болды. Мұнда балалар жатып оқитын болады. Оларға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Білім деген болашақ. Ел болашағы үшін балалардың білімді болуы маңызды. Исламда білім алуға ерекше маңыз берілген. Өңірде осындай бірнеше мекемелер ашылуда» дей келе, осынау игі бастаманы аудандық мешіт нәтижелі жүзеге асырғандығын жеткізді.

Білім мекемесінің ашылуына Құран оқылып, әжелер шашу шашып, қариялар батасын берді. Шарада сөз алғандар осындай игі істің Күршім өңірінде ашылуы айтулы оқиға екендігін жеткізіп, өкілдікке және аудандық мешітке алғыс білдірді. Нысан 20 балаға арналған. Онда балаларға барлық мүмкіндіктер жасалған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру