Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Мүфтият қабылдаған құжаттар таныстырылды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 21.06.2023 1425 0 пікір
Ақмола: Мүфтият қабылдаған құжаттар таныстырылды

Көкшетау қаласындағы «Достық» үйінде Ақмола облысының аудан-қала және ауыл имамдарына арналған семинар өтті.

Оған Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит төрағалық етті. Құран оқумен басталған шарада облыстық дін істері басқармасының өкілдері қазіргі діни құндылықтардың маңызы жайлы айтып берді. Аталған басқарманың басшысы Алмас Есетұлы өзінің сөзінде өңірдегі діннің даму мәселесіне тоқталса, Діни қатынастарды дамыту орталығының басшысы Болат Нығметжанұлы әртүрлі жат ағымдардың зардабы туралы әңгімелеп
берді.

Одан әрі жуырда діни құрылтайда қаралған құжаттар талқыланды. «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «ҚМДБ рухани құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Қажының рухани келбеті» тақырыптары бойынша өңірге белгілі имамдар Серік Халықов, Мырзабек Азатхан және Сайлау Аманбек баяндама жасады. Олар осы тақырыптарға терең тоқталып, қоғамды толғандырған мәселелерді тілге тиек етті. Алда келе жатқан Құрбан айтқа дайындық жайы да сөз болды. Шара өзінің маңызымен есте қалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру