Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде оқу бітіруші 3-курс шәкірттері қорытынды мемлекеттік емтихан тапсырды.
Шешуші сынақты қабылдау комиссиясында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, Жамбыл облысының бас имамы және «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Бейбіт Мырзагелдиев, оқу орнының оқытушысы Нұрлан Мұрат болды.
Студенттер Құран, фиқһ, араб тілі, ақида пәндері бойынша емтиханды билет сұрақтары негізінде ауызша тапсырды. Айта кетейік, биыл 13 шәкірт түлек атанып отыр. Сынақ қорытындысына сай 3 студент қызылға тапсырса, 10 шәкірт көк дипломмен оқуын тәмәмдамақ.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
19.06.2023
2629
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру