«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған мамандар Алматы қаласы мен облысында сертификаттаудан өткен кәсіпорындарды тексеру мақсатымен арнайы іссапарда болды.
Бас маман Данияр Сафиев, технолог Нұрбек Кабыкенов және Алматы облысы бойынша жауапты өкіл Жанәбіл Жұмабеков фабрикаларда жоспарлы бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.
Жергілікті құс фабрикаларында тексеру қадағалау шаралары жүргізілді. Атап айтқанда «Прима құс», «Нұрлы Құс», «Алатау-құс», «Алель Агро», «Aiser», «Qaz ak Kus» және «Сарыбұлақ құс» фабрикалары.
Тексеріс барысында бекітілген шариғат және стандарт талаптарының сақталуы мен орындалуы қадағаланды.
Бақылау барысында құс азығының рұқсат етілген, таза болуы, сулы ванна температурасының стандартқа сәйкес келуі, құсты тек «Бисмиллаһ» айтып, қолмен бауыздау, бауыздағаннан кейін стандарт талаптарына сай бекітілген қан ағызу ережелерінің орындалуы басты назарға алынды.
Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарының орындалуы толықтай ескерілді. Өндіріс аймағының санитарлық тазалығы да тексерілді.
Айбек Асқарбекұлы айтылған ескертулерді жедел түрде түзету керектігін, бекітілген мерзімде жүзеге аспаған жағдайда сертификат күші жойылатындығын жеткізіп, ескертулердің орындалуын жергілікті өкіл Жанәбіл Жұмабековке тапсырды.




































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
halaldamu.kz
16.06.2023
3143
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру