Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Құран жарысы мен веломарафон ұйымдастырылды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 14.06.2023 1250 0 пікір
Қостанай: Құран жарысы мен веломарафон ұйымдастырылды

Қостанай өңірінің көрнекті дін қайраткері, әйгілі Марал ишанның есімімен аталатын облыстық мешіттің 130 жылдығына орай Құран жарысы мен веломарафон өтті.

Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде облысаралық құран жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған Қостанай өңірінен бөлек Қызылорда, Петропавл, Павлодар, Ақмола, Абай облыстарынан келген қарилар бақ сынасты. 30 параны жатқа оқудан І орынды Павлодар облысынан келген жас қари Әліби Ғабитұлы жеңіп алса, ІІ орын да керекулі қари Гиесжан Неъматжанұлына бұйырды. Ал ІІІ орынды Қостанай облысының қариы Нұрмахамбет Сұлтан місе тұтты. Барлық қатысушыға Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы ақшалай ынталандыру табыстады.

Бұдан кейін «Марал ишан» мешітінің 130 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған веломарофонда Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы сөз сөйлеп, хадиске сай «әлсіз мұсылманнан күші мұсылманның жақсы» екендігі, денсаулық бірінші байлық және ол бізге берілген ең басты аманат деп өтті.

Сондай-ақ Дін істері басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қатысушыларға марофонның мән-мақсатын айтып сәттілік тіледі.

Марофоншылар имандылық ордасы мешіт ғимаратының алдынан бастап, Ы.Алтынсарин мавзолейіне дейін 21 шақырымды велосипедпен жүріп өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру