Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: QAMQOR-SHARAPAT орталығының жауапты өкілі тағайындалды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 09.06.2023 1563 0 пікір
Түркістан: QAMQOR-SHARAPAT орталығының жауапты өкілі тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы Түркістан облысына арнайы іссапармен барып, жергілікті дін қызметкерлерімен жүздесті.

Жұма уағызында облыстың бас имамы Ержан Сматұлы жамағатқа Діни басқармаға қарасты QAMQOR-SHARAPAT орталығы жөнінде ақпарат беріп, оның мақсаты мен миссиясы туралы айтты. Бұдан кейін QAMQOR-SHARAPAT орталығының Түркістан облыстық филиалының директоры болып тағайындалған Асхат Батырханұлын таныстырды.

Облыстық орталық мешіттің мамандарымен өткен кездесуде бас имам Ержан Сматұлы өңірдегі жаназа және жерлеу мәселесінің жағдайы туралы ақыл-кеңестерін бөлісті.

Ал Мейрамбек Қабылбекұлы мен Асхат Батырханұлы Түркістан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлымен кездесуде Діни басқарманың «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын таныстырып, облыс көлеміндегі мұсылман зираттарының жай-күйі туралы пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру