Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғимаратын Алла жолында сарп етті

ҚМДБ «Уақып» қоры waqf.kz 08.06.2023 1672 0 пікір
Ғимаратын Алла жолында сарп етті

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, бүкіл амалдары тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: жалғасып тұратын садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салиқалы ұрпақ», – деген (имам Мүслим).

Аталмыш хадиске толықтай амал еткен Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Еркебұлан Мейрамбекұлы және анасы Гүлнара апай пандемия кезінде қайтыс болған күйеуі Қасқырұлы Мейрамбектің ақыретіне алаңдап, артынан сауабы үзілемей барып тұруы үшін марқұмның атынан садақа жария амалын жасады. Алдағы уақытта бұл отбасының «Уақып» қорына уақып ретінде өткізген ғимаратының жөндеу жұмыстары басталатын болады. Ғимарат қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарлануда.

Келешекте бұл жер қыздарға арналған ұлттық-рухани тәлім-тәрбие алатын мекеме болмақ. Демек, бұл мекемеден шыққан қыздарымыз алған білімді жүзеге асырған сайын, оның сауабы Алланың қалауымен дүниеден өткен Қасқырұлы Мейрамбек марқұмға барып тұрады.

Хадиске амал еткен, әрі әкесін қадірлеп, ақыреті үшін уайымдап, уақып жасаған Еркебұлан мен анасына аса мейірімді Алла Тағала разы болып, жасалған уақыптан өздері де сауабын алуына тілектеспіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру