Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің қолдауымен ерікті жастардың ұйымдастыруымен өткен интеллектуалды сайысқа облыс имамдары мен жастар жамағаты қатысты.
Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, рухани-зияткерлік сайыстың негізгі мақсаттары туралы айтты.
«Асыл дініміздің өркендету, рухани ағартушылық жұмыстары арқылы – қоғамда саналы тұлға қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап келеміз. Әрине, адам оқып, білім алып, ізденуі қажет» деп атап өтті бас имам.
Сайысқа барлығы 25 команда қатысты. 6 турдан тұрған кезеңде қатысушыларға діни, тарихи, логокалық сұрақтар қойылды. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Әт-Тақуа мешіті, екінші орынды «Ихсан» мешіті, үшінші орынды Мақат ауданы орталық мешіті еншіледі. Жеңімпаздар сый-сыяпаттармен марапатталды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
26.05.2023
3003
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру