Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент имамдары сынақ тапсырды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 26.05.2023 1565 0 пікір
Шымкент имамдары сынақ тапсырды

Қазақстан мұсымандары діни басқармасының Шымкент қалалық өкілдігінде екі күнге жоспарланған мешіт дін қызметкерлерінен сынақ алу шарасы ұйымдастырылды.  

Сынақ алу шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қатысып, ҚМДБ Сараптау комиссиясының шешімі және қалалық имамдардың білімін жетілдіру және қайта даярлау курсының нәтижесіне орай имамдарға сынақ алудың маңыздылығына тоқталып өтті. Сынақты Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлектері Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Ақтөре қари Тұрапбай ұстаздар алды.

Мешіт имамдары Құран, тәжуид, қирағат, жұма хұтбасы, неке қию және жаназа дұғасы, құныт дұғасы, т.б.с. күнделікті намазда оқылатын дұғаларды жатқа айту және тәжуид бойынша сынақ тапсырды.

Айта кетсек, Шымкент қаласында 91 мешіттің 265 дін қызметкері сынақ тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру