Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда «Қоғамдағы әйелдің орны» конференциясы өтті

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 25.05.2023 1362 0 пікір
Қостанайда «Қоғамдағы әйелдің орны» конференциясы өтті

Қостанай облыстық мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында қалалық «Марал ишан» мешітінің 130 жылдығына орай «Қоғамдағы әйелдің орны» тақырыбында конференция өтті. Оған әйел жамағаты мен студент жастар қатысты.

Бұл танымдық-тәрбиелік жағы мол жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Динара Құтқожақызы елордадан арнайы келді. Алдымен қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы сөз сөйлеп, конференция жұмысына табыс тіледі.

Жиын барысында «Аналар кеңесі» төрайымының орынбасары, Ахмет Байтұрсынов атындағы өңірлік университеттің аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ақжан Бахытжанқызы «Әйел – ұлттық тәрбиенің алтын қазығы», облыстық «Аймағанбет Спанұлы» мешітінің ұстазы Жансая Салауатқызы «Әйел сұлу – әдебімен», Рудный қаласындағы «Аналар» кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Күләш Әбілқызы «Ұлттық киімнің қоғамдағы маңыздылығы», руханият саласында көп еңбек сіңіріп жүрген ұлағатты ұстаз Динара Құтқожақызы «Әйел бақыты деген не?» деген өзекті тақырыптарда әйелдің қоғамдағы орны, болашақта бір шаңырақтың алтын діңгегі болар қыз балалардың тәлім-тәрбиесі жайлы ғибратты баяндамалар жасады.

Мәжіліс барысында Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның әншісі, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айжан Мейрамбекқызы термені шеберлікпен орындады. Басқосудың соңында «Марал ишан» мешітінің өкілі Гүлдана Жаңабайқызы өз пікірін ортаға сала келіп, қозғалған тақырыптардың қай-қайсысы да қатысушыларға үлкен ой салғандығын айтты.

Бұдан кейін қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өңірге келген мәртебелі қонақ, тәлімгер Динара Құтқожақызына шынайы ризашылығын білдіріп, ұжым атынан алғыс хат пен естелік сыйлықты табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру