Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» Маңғыстау облысының дін қызметкерлеріне арналған «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» атты семинар өтті.
Танымдық шараға ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары қатысты.
Семинар барысында Ершат Ағыбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялағанын еске салып, елді ізгі мақсат-мұратқа бастамас бұрын, өз бойымызда рухани – адамгершілік қасиеттерді ұялатудың қажеттілігін айтып өтті.
«Имамдық – өте үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Осыған орай, ақ шапан мен қасиетті ақ сәлдемізге кір келтірмей, қоғамды ізгілікте бастауда имамдардың рөлі ерекше екенін үнемі есімізде сақтайық. Халқымыздың дін адамына деген құрметін жоғалтпайық» деді наиб мүфти.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
20.05.2023
2422
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру