Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Наиб имам «Нұр-Мүбарак» студенттерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 17.05.2023 1422 0 пікір
ШҚО: Наиб имам «Нұр-Мүбарак» студенттерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Болатбек Имашев Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттерімен кездесті.

Наиб имам кездесуде: «Өңір мешіттерін жас мамандармен қамту – бүгінгі күннің басты талабы. Халықтың діни сауатын арттыру, исламдағы бейбітшілік, татулық, бірлік қағидаларын және адамгершілік асыл құндылықтарды насихаттау жолында жас мамандардың өңірге қызметке келуінің маңызы ерекше болып отыр. Қызметке барған жас мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша назар аударылады» деп атап өтіп, өңірдегі діни ахуал жайлы кең көлемде баяндап өтті.

Болатбек Имашев сонымен қатар өңірде діни мамандар жетіспеушілігі бар екендігін айта келе, қазіргі таңда діни мамандардың қажеттілігі туындап тұрған мешіттердің мәселесін шешіп, имамдармен қанымдау жолында жергілікті әкімдіктермен байланыс орнатып, жатқандығын жеткізді.

Кездесуге келіп, студенттермен емен-жарқын әңгіме өткізген наиб имамға оқу орны басшылығы ризашылық білдіріп, өкілдікпен арадағы бірлескен меморандум аясында қызмет атқара беретіндігін айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру