Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ел үлесі – пәтерге»: 661-баспана Маңғыстауда берілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 17.05.2023 1640 0 пікір
«Ел үлесі – пәтерге»: 661-баспана Маңғыстауда берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 661-баспана кілті Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданына қарасты Тұщыбек ауылының тұрғыны Бақытжан Нұрсайынұлының отбасына табысталды.

Игі шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, батагөй ақсақал Шаймұрза Жаңайұлы, аудан бас имамы Құралбай Амалбайұлы, дін қызметкерлері, елді мекен ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 1 сәуірі күні орын алған өрт салдарынан көпбалалы (6 баласы бар) отбасы үйсіз қалған болатын. Қалың елдің және жергілікті мекемелердің қолдауымен Бақытжан Нұрсайынұлының жанұясы жаңа шаңыраққа ие болды. Бұдан бөлек, аудандық мешіт атынан жаңа кір жуғыш машина сыйға берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру