ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Сыр өңіріне жұмыс сапары аясында жергілікті жамағатпен кездесті.
Нақтырақ айтар болсақ, Батыржан Берденұлы Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде құптан намазының алдында «Жүрек дерттері» тақырыбында насихат айтып, жиылған жамағатпен сұхбаттасса, жұма күні қалалық орталық «Нұр» мешітінде «Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Айта кетейік, өткен аптада Сыр өңірінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Діни басқарма бөлім басшылары мен профессор-ғалымдардың қатысуымен республикалық деңгейдегі айтулы шаралар өткен болатын.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
17.05.2023
2937
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру