Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Жітіқара ауданына арнайы сапары кезінде «Қара бүркіт» атауымен белгілі №39 түзету мекемесінде болды.
Ол осы мекемедегі кітапхананың діни кітап қорын қарап, ҚМДБ-ның арнайы сараптамасынан өткен қосымша әдебиеттермен толықтырды. Қазіргі таңда мекеме кітапханасында 400-ден астам діни әдебиет қоры жинақталған.
Сонымен қатар мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерімен кездесіп, «Дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында, ал жазасын өтеушілермен «Ізгі қоғам» тақырыбында әңгіме өрбітті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
16.05.2023
2358
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру