Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Қасиетті Құранды жатқа айтудан жарыс өтті

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 16.05.2023 1356 0 пікір
Жетісу: Қасиетті Құранды жатқа айтудан жарыс өтті

ҚМДБ  Жетісу облыстық өкілдігіне қарасты «Жетісу» қалалық мешітінің бас имамы Болат Сағынғалиұлының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы және жақын аудан мешіттерінің жамағаты арасында Құран жарысы өтті.

Барлығы 25 үміткер қатысқан додалы сайыс Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқу номинациясы бойынша жүргізілді. Сайысқа қазылар алқасының төрағасы, облыстың бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Даутов, «Еңбек» ауылдық мешітінің бас имамы, қари Әбіләкім Ибрахим, қалалық «Жетісу» мешітінің жанындағы қарилар даярлау орталығының ұстазы Нұрбол қари төрелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар арасынан ең үздіктері анықталып, номинация бойынша орын алған жеңімпаздарға және барлық қатысушыға ақшалай сыйақы берілді. Үлкендер шәкірттерге бата беріп, бұдан да биік асулардан аса берулерін тіледі. Жарыс соңы дастарқан басындағы насихатпен жалғасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру