ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі әр ай сайын кезекті бақылау-қадағалау шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Басшылық пен технологтардың Алматы қаласындағы іссапары барысында, жергілікті инспектор-бақылаушылардың қатысуымен бірқатар өндіріс орындары кезекті ревизорлық қадағалаудан өткізілді.
Кезект іссапарында «Халал Даму» директры Айбек Асқарбекұлы, жергілікті инспектор-контроллер Маратхан Чадаев, бас маман Айжан Омарова және технолог Әселхан Сәбитқызы Алматы қаласында орналасқан бірнеше кәсіпорынды тексерді. Атап айтқанда, «BBS Trade» ЖШС сироп өндірісі, «Chefs Star» кофейнясы, «Del capuchino» рестораны, «Kono express» ЖШС фаст-фуд өнімдері, «Fresco» ЖШС балмұздақ өндірісі, «Bahandi», «Salam Bro» цехтары және «Magnum» дүкендеріндегі ет пен шұжық бөлімдері тексерілді.
Ай соңына дейін қалған мекемелерде де тексеріс жұмыстары өткізіліп жатыр. Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Аталған мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптары бойынша жұмыс жасап жатқандығы анықталды.
























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
halaldamu.kz
11.05.2023
2034
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру