Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: 47 студентке шәкіртақы берілді

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 03.05.2023 1346 0 пікір
Ақмола: 47 студентке шәкіртақы берілді

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит өңірден шыққан Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттерімен ұдайы кездесіп отырады.

Жақында осындай мақсатпен аталған оқу орнында болып, білім алушылардың жағдайымен танысты. Бас имам ақмолалық студенттермен емен-жарқын әңгімелесіп, жеке мәселелеріне де ден қойды.

Қазіргі таңда Нұр-Мұбарак қабырғасында Ақмола облысынан түскен 47 студент білім алуда. Қуаныш олардың әрқайсысына 20 мың теңгеден шәкіртақы табыстады. Жүздесудің соңында биыл бітіретін түлектерді Ақмола облысына дін қызметіне шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру