Құранда «Мың айдан да қайырлы түн» деп ұлықталған Қадір түні елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран Хатым аяқталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен дұға жасалған болатын. Мыңдаған жамағат қол жайып, Аллаға дұға еткен сауапты сәттен соң Рамазан бойы тарауық намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қариларымызға құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, биыл «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі тарауық намазын өткізуге Республикалық Құран байқауының жас жеңімпаздары Қуаныш Нұрланұлы, Иманәлі Бейбітұлы және Дулат Болатбекұлы шақырылған болатын. Алланың сөзін жаттаған жас қариларға Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы жамағат атынан ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариларымызға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі
muslim.kz
18.04.2023
2366
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру