Қасиетті Рамазан айында дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтың «Арыстан баб аманаты» атты кітабы жарық көрді.
Аталмыш еңбек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Рухани тәрбие – Ихсан ілімі» және «Дархан дала» отандық туризмді насихаттау, түсіндіруге арналған бағдарламасы аясында әзірленді. Кітап 80 бет, оның ішінде тарихи түсінік, зират пен зиярат, иман, ихсан, әдептілік, ақида-сенім мәселелері т,б, құндық тақырыптар қамтылған. Кітапқа ҚР Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген.
Айта кетсек, кітап авторы Мұхамеджан Естеміровтің бұған дейін «Әл-Фараби өсиеттері», «Қожа Ахмет Яссауи һәм Ихсан ілімі», «Дінбасы», «Ғибратнама», «Бас мүфти тағылымы», «Мұхтасар», «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі», «Намаз үйренейік», т.б. бірнеше кітаптары мен ғылыми көпшілік мақалалары жарық көрген.
Кітапты Шымкент қаласы, Түркістан қаласы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне, «Әл-Фараби» кітапханасы мен мешіт-медресе кітапханаларына үлестіріледі.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру