Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: 360 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 17.04.2023 1189 0 пікір
Алматы: 360 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы өкілдігі 360 отбасыға азық-түлік салынған «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫН» табыстады.

Бүгін қасиетті жұма күні Алматы Орталық мешітінің ауласында 360 мұқтаж отбасылары мен көп балалы аналарға азық-түліктер салынған «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» үлестірілді. Игі шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысты. Көмек алған мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналар мешіт қызметкерлері мен қайырымды жандарға зор алғысын жеткізді. Жалпы көлемі 9 тонна азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық айы рамазанда демеушілік жасаған азаматтарға Алла мол сауаптан жазсын! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру