Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің ұйытқы болуымен Рамазан айында игі істер ұйымдастырылуда.
Мәселен, өткен Наурыз айында облыста 129 іс-шара өткізіліп, онда 17 945 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.
Жалпы 9 атау бойынша ұйымдастырылған шаралар тұрғындардың көңілінен шықты. Оның ішінде «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәттісі», «Рамазан керуені», «Қайырымдылық жұма», «Ауызашар себеті», «Ауызашар», ««Қолдан -қолға» секілді маңызы терең игі істер жүзеге асырылды. Сондай-ақ, алтын құрсақты анаға лайықты құрмет көрсетілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
15.04.2023
2956
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру