Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мешітте «Менің алғашқы оразам» тақырыбында кездесу

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 14.04.2023 1291 0 пікір
Бас мешітте «Менің алғашқы оразам» тақырыбында кездесу

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте «Менің алғашқы оразам» тақырыбында кездесу өтті.

Бас мешіттің жастар ісіне жауапты қызметкері Ерболат қари Ергешұлының ұйымдастыруымен өткен кездесудің құндылығы сол, құлшылық ордасының ұстазы Сейіт Темірбекұлы оразаға, қасиетті Рамазан айына қатысты шариғат үкімдерін, аяттар мен хадистерін келтіріп, ораза ұстау, ауыз аштыру құлшылықтарының рухани пайдаларын жеткізсе, бұған қоса арнайы шақырылған медицина маманы ораза ұстаған адамның ағзасында болатын өзгерістер, яғни оразаның медициналық тұрғыдан артықшылықтарын түсіндірді.

Бас мешітте орналасқан «UMMET CLINIC» медициналық орталығының дәрігері Нұрсұлтан Айжігітұлы оразаның қан айналымы жүйесін жақсартуға, оның ішінде қанды сұйылтуға, қан қысымын қалыпқа түсіруге, қан құрамындағы қант, майлы заттар, холестерин мөлшерін азайтуға; әдетте ас қорытуға жұмсалатын қан мөлшерінің ораза кезінде алдымен миға, жүрекке, өкпеге, бауырға баруынан әлгі органдар жұмысының жақсаруына, осының әсерінен мидың есте сақтау, зейін қою қабылеттерінің жандануына; асқазан-ішек жолдарының тынығып, жаңаруына, оның ішінде асқазан бүрлерінің тамақ қалдықтарынан, шлактардан тазаруына; тыныс алу/шығару процестерінің дұрысталуына; өттің дұрыс бөліну дағдысының орнығуына; көптеген аурулардың, оның ішінде ісік ауруларының алдын алуға әсерін жан-жақты түсіндіріп берді.

Кездесу соңынан спикерлер қатысушылардың қойған сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру