ҚМДБ Жастар ісі секторының Шымкент қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рамазан тәттісі» қайырымдылық шарасы өтті.
Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған дін қызметкерлері Қаратау ауданында орналасқан «Шымкент қаласы білім басқармасының №1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына» арнайы барып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Ағалық кеңестерін айтып,
баталарын берді.
Рухани шараға 75 бүлдіршін қатысты. Олар өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Әсерлі кездесу соңында барша қатысушыларға түрлі тәттілер санылған «Рамазан тәттісі» үлестірілді.
Кездесу барысында орталық директоры Алия Құрманқалиқызы имамдарға алғыс айтып, Діни басқарманың жұмысына ризашылығын білдірді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
14.04.2023
2585
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру