Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әнет баба» мешітінде 250 отбасыға азық-түлік үлестірілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 13.04.2023 1307 0 пікір
«Әнет баба» мешітінде 250 отбасыға азық-түлік үлестірілді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі қасиетті рамазан айының құрметіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, 250 отбасына азық-түлік үлестірді.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен жүзеге асқан акция аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға, көп балалы және жалғыз басты аналарға қолдау көрсетілді.

Айта кетсек, қордың жауапты өкілі Мирас Ерланұлының мұрындық болуымен жүзеге асқан қайырымдылық акциялары қасиетті айдың құрметіне орай облысқа қарасты барлық аймақтарда жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру