Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 13.04.2023 1547 0 пікір
«РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

 

«Зекет және қайырымдылық» қорының  ұйымдастыруымен Астана қаласының «Әлжан ана» мешітінде  «Рамазан сыйлығы» қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында аталған Пригородный ықшам ауданының әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және аз қамтылған 300 тұрғынына азық-түлік қорабы таратылды.

Ізгілік акциясына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысып, келушілерді Рамазан айымен құттықтады.  Сондай-ақ, Елорда бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы сөз сөйлеп, қайырымдылық акциясына  демеушілік білдіріп, игі шараның басы-қасында жүрген кәсіпкер Дидар Ақашұлы мен Әлия Хайырсанқызына өз ризашылығын білдірді.

Қайырымдылық акциясының өтуіне ұйытқы болған ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Астана қаласы бойынша өкілі Мерей Қанатұлы қасиетті айдағы қайырымдылық шаралары әлі де жалғасатынын  атап өтті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру