Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Жаркенттің Рамазандағы қос қуанышы

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 13.04.2023 1399 0 пікір
Жетісу: Жаркенттің Рамазандағы қос қуанышы

ҚМДБ Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлының  бастамасымен Панфилов ауданында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қасиетті Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан «Құран – мәңгі мұғжиза» атауымен облыстық сайыс өтті.

42 қари бақ сынаған тағылымды сайысқа арнайы барған облыстың бас имамы Алмас Сағидоллаұлы сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 

Құран жарысына  қатысушылар  «Құран Кәрімнің 10, 20, 30 парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациялары бойынша бақ сынасты.

Нәтижесінде үздік шыққан жеңімпаздар арнайы алғыс хатпен және қомақты қаржылай сыйақымен марапатталды. 

Шара соңында облыстың бас имамы Алмас Сағидоллаұлы және аудан әкімі Марат Рахымбердіұлы Пенжім ауылында мешіт жанынан бой көтерген қайырымдылық мекемесінің ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Одан бөлек, «Туған жерге туыңды тік» ту көтеру рәсіміне қатысты. Осындай қос қуаныш сәтінде облыстың бас имамы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында екі мұқтаж отбасыға пәтердің кілтін табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру