Ақжайық өңірінің бас имамы Самат Қанатқалиұлының бастамасымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан мүмкіндігі шектеулі жандарға аталмыш мекеменің ғимаратында ауызашар берілді.
Дастарқан басында Орал орталық мешітінің наиб имамдары Наурыз Убаев пен Ерденбек Ихсанов Рамазан айының қасиеті турасында уағыз-насихат айтты.
Наиб имамдар сауабы еселеніп берілетін шараға қолдау көрсеткен ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен облыс имамы Самат Қанатқалиұлына алғыс білдіріп, отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке бергей деп дұға етті.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
12.04.2023
2598
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру