Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Жылыой ауданына рухани сапар

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 12.04.2023 1742 0 пікір
Атырау: Жылыой ауданына рухани сапар

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған делегация Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» отандық рухани туризм жобасы аясында Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Төкен Танаұлы, Ілия Жақанов сынды ел ағалары жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу аясында тарихи орындарға мінәжат ету тәртібі, тарихи орындарды ұлықтау арқылы, туризмді дамыту тақырыптары қозғалды.

Атырау облысының ,ас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мүфтият бекіткен «Дархан дала» жобасының мәні туралы айтты.

«Дархан дала жобасы – халқымыздың тарихын, тарихи тұлғаларын ұлықтауға арналған. Біз зиярат етудің өзіндік тәртібі бар екенін ұмытпауымыз керек. Жалпы, әр өңірде үлкен тарихи орындар жетерлік. Ақмешіт және Құлшан ата жерасты тарихи мешіттері үлкен тарихы бар. Біз осындай тарихтың өнегесін жас ұрпаққа насихаттау маңызды» деді ,ас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру