Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АДАЛ АС ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 12.04.2023 1440 0 пікір
ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АДАЛ АС ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ «Халал Даму» орталығы кәсіби мамандарының қатысуымен «Адал астың маңызы» тақырыбында әйел жамағатына арналған семинар өтті. 

Шара барысында мешіт ұстазы Зарина Шамидуллақызы Құран Кәрімде Алла Тағала: «Адал, таза һәм пайдалы ас-судан жеп-ішіңдер, әр кез игі іс істеңдер», - деп бұйырғанын айтып, тұшымды уағызымен жамағат назарын өзіне қаратты.

Семинарда «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының технолог, сарапшы маманы Айжан Қалмаханқызы спикер болып, халал мен харам асты ажырату туралы тың ақпараттарды бөлісті. Ол көпшілік қауым ескере бермейтін, күнделікті тұтынатын тағамдардың құрамындағы күмәнді және харам қоспаларды атады.

Жамағат көкейлерінде жүрген сұраққа жауап алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру