Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мешітте Шал ақын шығармалары талқыланды

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 12.04.2023 1286 0 пікір
Бас мешітте Шал ақын шығармалары талқыланды

Бала кезінен қарияларша ой толғап, пікір айтуынан Шал ақын атанған Тілеуке Құлекеұлы шығармалары ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте жастар арасында талқыланып, ақынның өмірі, хақты бетке айтар өжеттігін қоса алғанда жалпы болмысы, еңбектеріндегі діни сарын, мұсылмандық үндеу тілге тиек етілді.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» десек, ақынның да бұратана халық көңілін дөп басқан өлеңдері оның атын да шығарары, халықтың өз сөзіне де айналары шындық. Халық термесіне айналған:
«Өлімнен құтылмассың қашсаңдағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алладан шыныменен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы...» деп келетін Шал ақын толғауы да осыған дәлел.

Шара соңында сөз алған Бас мешіт азаншысы Ерболат қари жастарды:

«Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле, шайтан-пері.
…Жарлығы екі болмас Хақ Құдайым,
Жанында серігі жоқ, дақ Құдайым.
Жанымды алсаң, Құдая, иманмен ал,
Шайтанның қазасынан қақ Құдайым» деп жырлаған Шал ақын өмірі мен пікірінен ғибрат алуға, мақсатшыл, әділ, өз халқына адал болуға үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру