Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті және «Бірлік» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Қасиетті айдың құрметіне орай өткізілген қайырымдылық шарасында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы мен «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік салынған қоржындарды үлестіріп, берекелі Рамазанмен құттықтады.
Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асқан шара Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттерде Рамазан айының соңына дейін жалғаса береді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
07.04.2023
2347
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру