Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Zeket Hub орталығында еріктілерге ауызашар берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 07.04.2023 2623 0 пікір
Zeket Hub орталығында еріктілерге ауызашар берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры» елордадағы Zeket Hub орталығында еріктілер тобына арнайы ауызашар ұйымдастырды.

Алдымен қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы Жетісу мен Қарағанды облыстарынан және Екібастұз қаласынан келген, сондай-ақ елордалық «Қайырымдылық жаршылары» еріктілер тобын Бас мүфтидің алғысхатымен марапаттады. Бұдан бөлек еріктілерге «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген кітаптар мен арнайы #zeketten жейдесін табысталып, дастарқан басында қасиетті Рамазан айында қайырымдылқ жасаудың маңызы жайында көркем насихат айтылды.

Сонымен қатар қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен 6 отбасыға «Рамазан қоржыны» және 15 мың теңгеден көмек берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру