Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз – бата. Қазыналы қарттардың батасы – қашан да жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. Осынау дәстүрді жаңғырту мақсатында Орал орталық мешітінде «Ақ бата – асыл мұра» тақырыбында облыстық бата беру сайысы өтті.
Сайысқа барлығы алты ақсақал қатысып, бата берудің үлгісін көрсетті. Аталардың батасына баға беріп, сайысқа төрелік жасаған қазылар алқасының құрамында облыс бас имамы Самат Әлібаев пен Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Қажымұқан болды. Сайысты Орал орталық мешітінің ұстазы Бағдат Шақаев ерекше етіп өткізді.
Қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мешітінің атынан Баянғали Абдрахманов жеңіп алса, екінші орынды Дариян ауылдық мешітінің атынан келген Әуелбек Ержанұлы иеленді. Үшінші орын Орал қаласынан Наурызғали Өтешұлына бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайысқа Тәжіден Батырұлы атындағы мешіт атынан Жалғасбай Жүсіпқалиұлы, Абай Әлиұлы және Мақсот Жақыпұлына сый-сыяпаттар табысталды.
Бас имам Самат Қанатқалиұлы қарияларға алғысын жаудырып, ұзақ ғұмыр тіледі.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
05.04.2023
3343
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру