Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңаөзен мешіттері 1000 балаға «Рамазан базарлығын» үлестірді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 02.04.2023 2980 0 пікір
Жаңаөзен мешіттері 1000 балаға «Рамазан базарлығын» үлестірді

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарасты мешіттер мен «Көмек Жаңаөзен» қоры «Рамазан базарлығы» атты ауқымды шара ұйымдастырды.

Игі шара аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа», қалалық «Шаңырақ ш/а», Қызылсай ауылдық «Мұханмедин Шихыұлы», Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы», Теңге ауылдық «Қосай ата» және «Сәби молда Атабайұлы» мешіттерінің имамдары мен еріктілер жас ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында 1000 балаға тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестірді.

Жаңаөзен қаласына қарасты мешіттердің ұжымы осы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру