Шымкент орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан ел ағалары мен зиялы қауым өкілдеріне арнайы «Рамазан шатыры» атты ауызашар дастарқаны ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре, елге белгілі ақын Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов сынды елге белгілі азаматтар қатысты.
Берекелі шараны наиб имам Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізді. Айтулы шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты. Осыдан кейін, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре дін мен дәстүр және ұрпақ тәрбиесі жөнінде уағыз жүргізді.
Айта кетсек, шаһардағы 45 мешітте өткен ауызашар рәсіміне 6000 адам қатысты.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
02.04.2023
2872
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру