ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында мұқтаж отбасыға баспана кілті табысталды.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған акция барысында Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишим ауылында тұратын Амангелді Шупановтың отбасы баспаналы болды. Жаңа үйдің кілтін «Зекет және қайырымдылық» қорының СҚО-дағы өкілі Қасымхан Абдуллаұлы мүмкіндігі шектеулі және үш баласы бар отбасыға демеушілердің көмегімен салтанатты түрде тапсырды.
Айта кетейік, берекелі айдағы «30 күнде 30 баспана» акциясы «Ел үлесі – пәтерге» республикалық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі
uagyz.kz
01.04.2023
2451
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру