ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана өкілдігінің ұйытқы болуымен 4 мұқтаж жанға қаржылай көмек және «Әзірет Сұлтан» мешітінің тазалықшысы Әйгерім Түгелбайға микроавтобус берілді.
Үш баланы асырап отырған Пернебай Мұқанов құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқанда ауыр жарақат алып, төртінші баласын күтіп отырған жұбайы Әйгерімнің жұмысқа шығуына тура келген. «SD FAMILY» футбол клубының директоры Дидар Бақытбекұлының демеушілігімен берілген сый бұл отбасы үшін қасиетті Рамазан айының жылы шуағын сезіндіре түскендей. Мешіт қызметкеріне қолдау білдіріп, ұлық айда сауапты іс жасаған Дидар Бақытбекұлына қайырымдылық шараларына жауапты имам Мерей Қанатұлы алғысын жеткізіп, Алла Тағаладан ісіне береке тіледі.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігі
muslim.kz
30.03.2023
2394
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру