Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«30 күнде 30 баспана»: Ақтөбе облысында көпбалалы анаға үй берілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.03.2023 1564 0 пікір
«30 күнде 30 баспана»: Ақтөбе облысында көпбалалы анаға үй берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Рамазан айында берілетін «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясының бесінші баспанасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Ембі қаласында табысталды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі бастама негізінде Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы Ергазин Асемхан, Қандыағаш қалалық «Қадірәлі ата» мешітінің бас имамы Тұрсынқүлов Нұрсұлтан, Ембі қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы Құттыходжаев Зияуддинқари Ембі қаласының тұрғыны жалғызбасты, бес баланың анасы Ахметова Жанылсынға «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бойынша 635-баспана кілтін берді.

Имамдардың ұйымдастыруымен және мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары мен атымтай жомарт жандардың демеушілігімен табысталған 2 бөлмелі пәтердің құны 1 000 000 теңге. «Ел үлесі пәтерге» жобасы алдағы уақытта Ақтөбе өкілдігінің ұйытқы болуымен және жамағаттың қолдауымен Ақтөбе облысында өз жалғасын таппақ.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру