ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Сыр өңіріндегі «Рамазан қоржыны» акциясы бастау алды.
Қасиетті айдың құрметіне орай өткізілген қайырымдылық шарасында «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиұлы мен облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары тұрмысы төмен 100 отбасыға азық-түлік салынған қоржындарды жеткізіп, берекелі Рамазанмен құттықтады.
Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес аталмыш жоба аймақтағы барлық мешіттерде жалғасын таба бермек.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
29.03.2023
3014
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру