Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: «Баталы елге бақ қонар»

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 29.03.2023 1477 0 пікір
Жетісу: «Баталы елге бақ қонар»

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ Жастар ісі секторы Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастырумен Талдықорған қалалық «Дінмұхаммед» мешітінде «Баталы елге бақ қонар» атты облыстық ақсақалдар арасында бата беру сайысы өтті.

«Дін мен дәстүр» бағытында ұйымдастырылған сайысқа 58 жастан жоғары Талдықорған қаласынан және аудандардан 20 ақсақал қатысып, бақ сынады.

«Бата – дегеніміз халқымыздың байырғы тұрмыс-салтымен берік ұштасқан, күнделікті өмір дағдысындағы адами қарым-қатынастың рухани қажеттілігін өтеуге бағытталған, ағайын-туыс, жегжат-жұ-рағаттың бір-біріне ыстық ықылас-пейілін білдіретін, сонымен қатар жасы үлкен адамдар немесе ел ағалары өздерінің тілек-дұғасын айтып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар сілтейтін сөлді сөз. Сондықтан, бүгінгі шарамыздың маңыздылығы да қариялар арасында бата беруді жас ұрпаққа насихаттау» деп атап өтті Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлы.

Қатысушылар жарыс ережесіне сай, алдын-ала берілген тақырыптық бата бойынша сайысты. Жарыс қорытындысы бойынша Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің ақсақалы Балқыбекұлы Серікбек жүлделі бірінші орынды, Көксу ауданынан қатысушы Оралбеков Данияр екінші орынды иеленді. Қаратал ауданы атынан қатысушы Сейфолла Ержан мен Текелі қалалық мешітінің ақсақалы Көксеген Сайден жүлделі үшінші орындарды бөлісті.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сайысқа қоғам қайраткері, дін жанашыры Жұмахмет Жанахметұлы, ақын-журналист Жұматай Оспанұлы және облыс бас имамы Алмас Данағұлов қазылық етті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру