Қасиетті Рамазан айының алғашқы аптасында Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде көмекке мұқтаж отбасыларға күнделікті қолданылатын азық-түлік салынған 100 қорапша таратылды.
Аталмыш көмек ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және жергілікті имамдардың ұйытқы болуымен берілді. «Рамазан қоржыны» деп аталған бұл қайырымдылық науқанға мешіттің пітір-садақасына түскен қаражат жұмсалды және «Сауап» еріктілер тобы да өз үлесін қосты.
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында осындай қайырымдылық шаралары қалалық және аудандық мешіттерде жиі ұйымдастырылмақ.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
28.03.2023
2824
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру